Қостанай облысында мал ауруы асқынып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында мал ауруы асқынып тұр

10.03.2022

Қостанай облысында мал ауруы асқынып тұр. Оның не індет екені әзірге белгісіз. Тұрғындар мен мамандар белгілеріне қарап аусылға ұқсатады. Ауырған малдың сілекейі шұбырып, аузының іші ойылып, жем-шөбін жей алмай қалған. Ең бастысы жұқпалы екендігі анық. Індеттің белгілері қазан айында байқалған, содан бері оның нақты диагнозы қойылмады. Облыстағы ветеринарлар ауру малдардан сынама алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы сараптама орталығына жіберген. Арада ек ай өтсе де әлі оның қортындысы жоқ. Әзірге індеттен төрт түліктің өлгендігі туралы ресми мәлімет тіркелмеген. Аурудың түрі анықталмаса да Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанайда аусылға қарсы вакциналау жүргізу туралы шешім қабылдаған. Бірақ екпе әлі жеткізілмеген.

Бауыржан Бекет, Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл малдар емге көніп жатыр. Керекті дәрісін берген соң 3-4 күнде жазылып жатыр. Біз вакцина келуін күтіп отырмыз. Есебіміз бойынша 2 млн 800 мың доза қажет. Бұл вакцина сиыр, қой-ешкі, шошқаға егіледі.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу