Алматыдағы құстардың жаппай қырылуына улану себеп болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы құстардың жаппай қырылуына улану себеп болуы мүмкін

26.03.2020

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдәхмет хабарлады. Кеше тұрғындар қаладағы 28 панфиловшылар саябағында кептердің қырылғанын түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратқан. Мегаполистегі саябақтар 21 наурыздан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында жабық. "Қырылған және ауру құстарға қатысты фото және бейнематериалдар кеп түсті. Алматы облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары бастаған топ сол саябаққа барды. «Сынама алынды» ,- деді баспасөз қызметі. Тұрғындар кептердің қырылуын карантин кезіндегі дезинфекция жұмыстарымен байланыстырып отыр.


Хабарламаларға жазылу