Оңтүстік Қазақстан облысында үш жасөспірімді көлігімен қағып, мерт қылған азамат соттың санкциясымен қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетсек, қаралы оқиға мауысым айының соңында болған.
«Жетісай-Шардара» тасжолының бойында 25 жастағы жүргізуші «Аudi» маркалы автомобиль тізгініне ие бола алмай қалған. Жасөспірімдер ауыр соққыдан тіл тартпай кеткен.
Тексеру кезінде Бірілік ауылында тұратын азаматтың көлікті басқару куәлігі болмағаны анықталды.
Сонымен қатар, Таразда баласын аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін осы оқиғаға байланысты түсірілген бейнеролик ғаламторға шығып, желідегі жұрттың жағасын ұстатты.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ