Басты Жаңалықтар Маңғыстау мен Атырау облысы балаларының жазғы демалысы Каспий теңізінің жағасында өтуде

Маңғыстау мен Атырау облысы балаларының жазғы демалысы Каспий теңізінің жағасында өтуде

Маңғыстау мен Атырау облысы балаларының жазғы демалысы Каспий теңізінің жағасында өтуде

Балғындар демалысын ұйымдастыру мемлекет тарапынан жасалған зор қамқорлық болып отыр. Мұнда негізінен көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын тынықтыру ұйғарылған. Дені теміржолшылардың ұрпақтары.

Демалушылар шағын үйлерде, жайлы жатын орында 7 топқа бөлініп тұрады. Балалар саф ауамен тыныстап, теңіздің мөлдір суына сүңгіп, күнге қыздырынады,сусыма құмда ойнайды. 5 мезгіл тамақтану мен кешке қарай ұйымдастырылатын музыкалық бағдарламалар демалыстың көркін қыздыра түседі.

Қазір мұнда 300-ге жуық бала демалуда. Олардың жақсы тынығуы үшін арнайы бағдарлама жасақталған. Мәселен, теңізге түсу, спорттық сайыстар, тамақтану, концерттік бағдарлама сынды түрлі шаралардың реті бар.

 

Жазира ӘБІЛ

Бөлісу