Қытайдан келетін қазақтардың азаматтық алуына кедергі келтіретін екі анықтаманың бірі алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан келетін қазақтардың азаматтық алуына кедергі келтіретін екі анықтаманың бірі алынып тасталды

30.06.2015
Қытайдан келетін қазақтардың азаматтық алуына кедергі келтіретін екі анықтаманың бірі алынып тасталды

Қытайдан келетін қазақтардың азаматтық алуына кедергі болған екі анықтаманың бірін алып тастау туралы бұйрық шықты. Енді құжат газет бетіне жарияланса, 10 күннен соң күшіне енеді. 

2011 жылғы Көші-қон Заңы бойынша, Қытайдан оралғандарға тіркеуден шығу және сотталмағаны туралы анықтаманы әкелу - міндет. Онсыз Қазақстанда азаматтық алу тұрмақ, тұрақты тіркеуге де тұра алмайды.

Қытай жағы мұндай анықтаманы бермейді. Себебі, олардың Заңына сәйкес, шетелге шыққан азамат сол елдің азаматтығын алғаннан кейін ғана автоматты түрде Қытайдың тіркеуінен шығады.

Осының салдарынан төрт жылдың көлемінде Отанға оралсам, деген талай қазақтың сағы сынды.

Ендігі кедергі - сотталмағаны туралы анықтама. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Жаңа жылға дейін қабылданатын Заңда  бұл кедергі де жойылады дегенді айтты.

 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу