Семейде тозығы жеткен көше тұрғындары шаңға тұншығып отыр
Семейде тұрғындар әбден тозығы жеткен би Боранбай көшесінің бейнетінен арыла алмай келеді. Ескірген жол көлік жүргізушілерінің де, сол жерде тұратын тұрғындардың да есін шығарды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын жөнделуі тиіс тасжолдың шаңы аспанға шығып жатыр. Көше тұрғындары күні-түні шаңға қақалып, шарасыз күй кешуде. Есік алдына шығып демалуға, аптап ыстықта терезе ашып, үйді желдетуге де мұрша жоқ.
Мәселені айтып хат та жазған, қол жинаған. Алайда, қолдау көрсеткен ешкім болмаған.
«Ең болмаса орташа жөндеу жүргізіліп, шаңнан бір арылсақ, арманымыз орындалар еді», дейді тұрғындар.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03