Көкшетаулық Кәкпеновтер отбасы - ұстаздар жанұясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық Кәкпеновтер отбасы - ұстаздар жанұясы

27.06.2015
Көкшетаулық Кәкпеновтер отбасы - ұстаздар жанұясы

Бүгінде Жазит ата мен Қарашаш әжей 6 ұл мен 1 қыздан 18 немере және 3 шөбере сүйіп отыр. Балалары отау құрып бөлек шықса да, демалыс күндері қара шаңыраққа жиналуды дәстүрге айналдырған.

Балаларының ішінде отбасылық мамандықтан өзге саланы таңдаған Сәкен. Ол жауапкершілігі білім беруден кем түспейтін денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Бүгінде облыстық наркологиялық оңалту орталығының бас дәрігері қызметін атқарады. 

Кәкпеновтер үшін отбасы деген қасиетті ұғым. Бұл атадан-балаға беріліп келе жатқан түсінік. Ата-әжесінің үйі немере-шөберлерінің жиналып, уақытты қызықты өткізетін сүйікті орнына айналған. Демалыс  уақытында бұл үй тіпті балалардың ордасына айналады. 

«Ұрпақтар сабақтастығы жанұя үшін маңызды қасиеттердің бірі», - дейді Жазит ата. Балалардың бауырмал болуы да басты назарда болған жөн.

Осындай түсініктерді қатаң ұстанатын, бірлігі жарасқан жанұя «Мейірлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне қатысып, жеңімпазы атанған.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу