Павлодар облысында 2014 жылы үйленгендердің 60 пайызға жуығы ажырасқан
Әлем елдері арасында ажырасудан Ресей мен Беларусь көш бастап тұр. Қазақстан 10-шы орынға жайғасқан. Ал, көрші қырғыз елі 48-ші орында.
Шаңырағы шайқалған отбасылар саны әсіресе Павлодар облысында күрт көбейіп келеді. Өткен жылы үйленгендердің 60 пайызға жуығы ажырасқан.
Статистикаға қарағанда ажырасатындардың көбі жастар. Олар тойдың қызығы тарқамай жатып, яғни екі-үш айдан кейін «бірге тұра алмайтын болдық» деп жар салады.
Сондықтан сот ұзаққа созбайды. Өйткені, бірлесіп тапқан дүние мүлік жоқ. Сәби сүйіп, бала тәрбиелеуді олар алғашқы жылдары тіптен жоспарламайды.
Ажырасу халық санының өсуін тежейді. Жетім мен жесір көбейеді. Сондықтан отбасының беріктігін сақтау ер мен әйелге бірдей парыз.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04