Астана тұрғындарын жауын суы әбігерге салуда
Әр жаңбырдан кейін көше тұрғындары тиісті органдардан көмек сұрауды әдетке айналдырған. Өйтпеске қайран жоқ.
Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері осы Көксеңгір көшесіндегі үйлер жиі су астында қалатынын айтады.
Апатты жағдайдағы баспаналарды тіркеуге алып, тұрғындарға қолдарынан келгенше көмектеседі.
Көтерілген судың кесірінен көшедегі күл-қоқыс та жол бойына шашылып шыға келген. Ымырт түсе айналаны сасық иіс жайлап, маса біткен мазаны қашырады.
Жолдың бәрін су шайғандықтан көліктердің де жүруі қиынға соғып отыр. Тұрғындар төбесіне бұлт үйірілсе болды, аспан ашылғанша әбігерге түседі. Үнемі сумен арпалысып келе жатқан үй илерінің құзырлы органдар көмек қолын созса деген бір үміті ғана бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 20:10
Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі
26.06.2026, 20:09