Ақмола облысының Ерейментау қаласындағы кәсіпорын өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, өнім сапасын арттыруда. Мұндай оңды өзгерістер мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаражат алған кәсіпкерлер өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр.
Кезінде шағын ғана наубайхана ретінде ашылған цех бүгінде Ерейментау қаласының төрттен бір бөлігін нан өнімдерімен қамтамасыз ететін ірі ұжымға айналған.
Бүгінде наубайханада дайындалған өнімдер Ерейментау қаласынан басқа, Торғай, Тайбай елді мекендеріне де жеткізіледі.
Алдағы кезде бірнеше жаңа қондырғылар алып, өнім түрлерін көбейтумен қатар, өзге ауылдарды да қамту межеленіп отыр.
Ермек ЕЛБЕРГЕН