Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды тергеу мен ашу, жаза тағайындау мен өтеу заңдылықтары мәселелері Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен өткен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында сөз болды.
Бас прокурор соңғы кездері жыныстық зорлық-зомбылық көрсету, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың жиілеп кетуін тілге тиек етті.
Мысалы 2010 жылы 491 сәби, ал 2014 жылы 943 сәби түрлі қаныпезерлердің құрбанына айналған. Осы айдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсетудің 16 фактісі тіркеліп үлгерген.
Бас прокурор жиын соңында қылмыстың тергелуін және ашылуына қадағалау жасауды күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымына қосылды
01.07.2026, 20:53
Норвегия командасы келесі кезеңге өтті
01.07.2026, 20:30
Жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады
01.07.2026, 20:23
Еуропалық сарапшылар халықтық Конституцияны жоғары бағалады
01.07.2026, 20:21
Әлем жаңалықтарына шолу
01.07.2026, 20:20
Электрсамокатты пайдалану ережесі өзгерді
01.07.2026, 20:19
Оқу бағдарламасына жаңа пәндер енеді
01.07.2026, 20:18
Қазақстанның табиғи байлығы халық игілігі үшін сақталады
01.07.2026, 20:14