Қызылордалық Нұрманбетовтер отбасының мерейін тасытып отырған - еңбек
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Қызылордалық Нұрманбетовтер отбасындағы ұл мен қыз ата-анадан алған өнегелі тәрбиені өміріне жаратты, ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілді.
Шаттықты шаңырақтың мәуелі бәйтерегі Бақытбек ақсақал өсіп-өнген ұрпағымен мақтанады. Балаларына берген тәлімі босқа кеткен жоқ, бүгінде әрқайсысы ел қадірлейтін азаматқа айналды.
Ербол, Әліби, Еркін - Нұрманбетовтер отбасының үш тағаны. Әкелері Бақытбек оларды жастайынан еңбекке баулыды, елін сүюге үйретті, отбасын асырауға дағдыландырды.
Бүгінде ағайынды үш жігіттің жеке-жеке дөңгелеткен кәсіптері, сүйікті істері бар. Оның игілігін өздерімен қатар, жерлестері де көріп отыр.
Отбасының мерейін тасытып отырған - еңбек.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04