Ақмола облысының тұрғыны Наурызбай Әлиев ешкі сүтін өндіруді жаңа деңгейге шығармақшы
Ақмола облысы Баратай ауылының тұрғыны Наурызбай Әлиев ешкі сүтін сатуды кәсіпке айналдырды.
Ол шағын шаруашылығын 30 түлікпен бастаған. Биыл кәсіптің көкжиегін кеңейтіп, мал санын екі еселемек. Аша тұяқтының сусынын ішіп, дертіне дауа тапқандар да бар. Емдік қасиеті бар сусын табиғи қуатын бес күнге дейін жоғалтпайды екен.
Кәсіпкер «ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсетіліп жатқандықтан, шаруаны дамытып алған жөн», - дейді.
Кәсібін өркендетуге білек түрген азамат жақын арада мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірісті жолға қойып, ешкі сүтін өндіруді жаңа деңгейге шығармақшы.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04