Басты Жаңалықтар Макинск қаласында 34 баланы бауырына басқан отбасы тұрады

Макинск қаласында 34 баланы бауырына басқан отбасы тұрады

Макинск қаласында 34 баланы бауырына басқан отбасы тұрады

Бүгінде олардың біразы өз алдына отау болып, шаңырақ көтерген жайлары бар. Бірлігі бекем, тірлігі тиянақты отбасында 9 ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүруде.

Серіктің де, Жаңылғанның да ата-аналары өмірден ерте өткен. Сондықтан олар отбасын құрғанда жетімдерді асырап алу туралы шешім қабылдайды.

Бүгінде өздерінің 5 перзентімен қатар 34 балаға ата-ана болып отыр. «Оларды ешқашан бөліп жарған емеспіз, қазақ ешқашан жетімін жылатпаған», - дейді отағасы.  

Бірлігі бекем, тірлігі тиянақты отбасы ырыс алды ынтымағымен көпке үлгі болып отыр. Үлкен әулетке айналған Әкімбаевтар шаңырақ көтерген ұл-қыздарынан бүгінде 14 немере сүйген.

Пейілі кең жүрегі жомарт жандар алда тағы да бірнеше баланы асырап алуға ниеттеніп отыр. «Мүмкіндігіміз болып жатса бұл игілікті істі жалғастыра береміз», - дейді отағасы.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Бөлісу