Таразда Саңырық батырға ескерткіш орнатылды
Таразда Саңырық батырға арнап ескерткіш орнатылды. Тарихшы-ғалымдар «Ескерткіш Қазақ хандығының 550 жылдығына үлкен сый болды»,-дейді.
Тарихи композиция қалаға кіре берістегі батыр атындағы көшенің басына қойылды. Монумент қолдан қашалған. Ұзындығы 15, биіктігі 5 метр болатын нысанның құрылысына бас-аяғы 25 миллион теңгеге жуық қаражат кеткен.
Қазақ даласын жаудан қорғап, өз заманында ерекше ерлігімен көзге түскен тұлғаның ескерткішін салуға кәсіпкерлер демеушілік етті.
Іс-шараға Әулиеата жұртшылығы, жастар мен белгілі тарихшылар қатысты. Олардың айтуынша, «Ел басына күн туып, «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қиын кезеңде мергендігімен аты шыққан қолбасшының ерлігін насихаттау үлкен маңызға ие»,-дейді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04