Оған қол жеткізу үшін әскер заманауи, жедел әрекет ететін, әрі кәсіби болуы тиіс, - деді Елбасы.
Осы орайда, Семейдегі Шығыс өңірлік әскери қолбасшылығының барлау құрылымдарының қатысуымен арнайы тактикалық оқу жаттығу өткізілді. Жеке құрам тосыннан болған қылмыстық топтың әрекеттері кезінде жасалатын іс-қимылдарын пысықтады.
Бұл оқу-жаттығуы қалалық жерде қылмыстық топқа қарсы әрекет етуді пысықтау үшін қажет. Шартты түрде жасалған шабуыл кезінде көпқабатты ғимаратқа жасырынғандардың жартысы оққа ұшқанымен, қалғаны қаладан қашып, өзен маңына тығылады.
Мұндай жағдайда амфибиялық жасақ жедел әрекетке дайын. Өзен жағалауынан жасалған соққыдан соң, қылмыскерлер түгелдей жойылады.
Тактикалық жаттығуларға барлау бөлімімен қатар өзге де арнайы әскери құрылымдар атсалысты. Мамандардың пікірінше,жеке құрам алдына қойылған-мақсатты өз деңгейінде орындады.
Әскерилердің шеберлігін мінсіз етіп шыңдау үшін, тосын жағдайдағы тактикалық іс қимылдарды осылайша пысықтау, алдағы уақытта да толассыз өткізіліп тұрады.
Ержан ЖАҚЫП