Петропавлда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Енді шағын және орта бизнес өкілдеріне кең әрі жаңа ғимаратта ақпараттар беріліп, оқыту процестері жүргізілетін болады. Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов соңғы жылда өңірде 4 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсетілгенін атап өтті.
Жалпы облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 386 жобаға 28,7 миллиард теңгеге субсидия бөлінген. Биылғы жылы да кәсіпкерлерді қолдау қарқын алмаса, тоқтамайды.
Бүгін ғана лентасы қиылып, іске кіріскен жаңа орталықта болашақта Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкінің» кеңесшісі де отыратын болады. Бұл бір жерде ұйымдасқан түрде жұмыстар жүргізіліп, уақыт үнемдеуге, әрі қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04