Қостанайда футболдан Тұрсынмәмет Бұқабаевты еске алуға арналған турнир өтті
Тұрсынмәмет Нүсіпханұлы осыдан бес жыл бұрын 32 жасында кенеттен қайтыс болған еді.
Жарыс барысында «құйрықты жұлдыздай жарқ еткен» талантты тілші туралы естеліктер де айтылып, азаматтық, шығармашылық қырлары сөз болды.
Еңбекқор әріптесіміз телеарна жұмысымен қатар, газет, журнал, радио тілшілігін қоса алып жүрген еді.
Турнирге ол қызмет істеген ұжымдар мен достарының атынан алты команда қатысты.
Тілшілер арасындағы «тартыс» беделді жарыстардан кем түскен жоқ. Командалар жеңіс үшін аянып қалмады.
Айта кетерлігі, журналистің құрметіне арналған турнир Тобыл өңірінде тұңғыш рет өтіп отыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10