Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Алматыға іссапармен барды
Аграрлық саланы инновациялық бағытта дамыту, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және білікті мамандар даярлау. Бұл мәселелер Асылжан Мамытбековтің Алматы облысындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен, ғылыми зерттеу институттары ғалымдарымен кездесуінде талқыланды. Жиыннан соң министр «Медеу Коммерц» сүтті-тауарлар фермасы мен «Данон Беркут» сүт өңдеу зауытында болды. Тауар өндірушілердің көбі сүт өнімін шығаруға импортталған құрғақ сүтті сатып алуда. Осыған байланысты табиғи шикізатқа сұраныс азаюда. Бұл мәселелерді шешу үшін 2020 жылға дейін 212 сүт қабылдау пункттерін ашу қарастырылған. Оған 683 миллион теңге инвестициялық субсидия жұмсалмақ.
Амангелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04