Солтүстік Қазақстан облысында жылжымалы астық кептіргіш қондырғылар шығарылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында жылжымалы астық кептіргіш қондырғылар шығарылмақ

08.04.2015
Солтүстік Қазақстан облысында жылжымалы астық кептіргіш қондырғылар шығарылмақ

Бұл ылғал мол түскен жылдары дақылдарды қырман басында кептіріп, элеватор қызметіне жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір зауытқа жаңа қондырғылар әкелініп, өндіріс көлемін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Мұрат Мұқашевтың Бескөл эксперименталдық механикалық зауытында еңбек етіп жүргеніне 5 жылдан асты. Мамандығы сызу пәнінің мұғалімі. Бірақ тағдыр оған басқа салада жұмыс істеуді жазыпты. Дегенмен оқып білгенін қазіргі жұмысында жаратып жүр.

Бескөл механикалық зауытының құрылғанына биыл 8 жыл. Негізінен бетон араластыратын қондырғылар мен бетон жасайтын қуаттылығы жоғары зауыттар шығарады.

Жылына 200 миллион теңгенің өнімін өндіреді. Тауар ішкі нарықта сұранысқа ие. Биыл жаңа желіні іске қоспақ.

Кәсіпорында қазір 70 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 60 мың теңгенің көлемінде. Болашақта зауыттың қуаттылығын арттырып, жаңа қондырғылар шығаруды да жоспарлап отыр.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу