Атырауда қала мен үш аудан жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қала мен үш аудан жарықсыз қалды

07.02.2023

Атырауда ақтүтек боран соғып, қала мен өңірге қарасты үш аудан жарықсыз қалды. Қатты жел мен қалың қар желілерді істен шығарған. Апат болған учаскелерде бас-аяғы 20 авариялық бригада жұмыс істеп жатыр. Мамандар түнге дейін электр қуаты беріледі деп отыр. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірдегі 200-дей мектеп пен колледжде сабақ онлайнға ауыстырылды. Балалар ертең де қашықтан оқиды. Сонымен қатар барлық бағыттағы жолдар жабылып, Маңғыстау, Ақтөбе, Ресейдің Астрахань облысына қатынайтын қоғамдық автобустардың жұмысы уақытша доғарылды. Жолда қалған оншақты көлікке полицейлер жәрдемдескен. Арасында Түркия және Өзбекстан еліне бағыт алған шетелдік жүргізушілер де бар.


Хабарламаларға жазылу