Елімізде 700 мың гектарға жуық жер пайдаланылмай келеді. Себеп - суды жеткізіп беретін инфрақұрылымның жоқтығы. Мамандар қазір осы алқапты іске қосу жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Өткен жылды қорытындылаған Су ресурстары комитеті өкілдерінің айтуынша, суармалы жерлерге байланысты 7-8 жылдан бері жұмысы басталып, аяқталмай тұрған 12 жоба бар. Биыл сол жұмыстарға нүкте қойылады.
Яғни, 1-шілдеге дейін бұл саладағы проблемаларды түгел шешеміз деп отыр комитет басшылары. 2015 жылы екі пилоттық жоба Алматы облысының Көксу ауданы мен Жамбыл облысының Жамбыл ауданында суармалау жүйелері жүргізіледі.
Су тапшылығын бастан кешіретін Алматы және Қызылорда облыстарының да проблемалары толық шешіледі. Сырдария өзенінде бір бөгет іске қосылды. Қазір екінші бөгеттің құрылысы жүріп жатыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ