Алматы жұртшылығы Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы жұртшылығы Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салды

28.03.2015
Алматы жұртшылығы Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматыдағы Ғылым ордасында Қазақ елі Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға халық көп жиналды.

Қала әкімі Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың - Нұрлан Жамбылұлының жақындарына көңіл айтып жолдаған жедел хатын оқып, жиынға қатысушылардың қайғысымен ортақтасты.

Нұрлан Жамбылұлы 1970 жылы 30 наурызда Алматыда дүниеге келген. Алматы технология университетін, сондай-ақ Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген. Ол, аз ғана ғұмырында ел экономикасының серпін алуына, өндірістің кең қанат жаюына үлкен үлес қосты.

Әр жылдары Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарған.

2014 жылдың 7 тамызынан бері «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын басқарды. Сонымен қоса, ЕХРО-2017 көрмесінің директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.

 

 

Хабарламаларға жазылу