Әулеттің күнделікті тыныс-тіршілігі кәдімгі трактормен тікелей байланысты. Отбасында ең алғашқы болып темір тұлпарды тізгіндеген әкелері Қажымұқан еді.
Әулеттегі 5 ұлдың барлығы да осы саланы таңдады. Бәрі де Кирриловка ауылында тұрып, агроқұрылымда еңбек етеді.
Әке өсиетіне адал, ешқайсысы да басқа қызметке бет бұрмастан, жергілікті механизаторлар даярлайтын курсты тәмәмдаған.
Қазір тек бұл отбасы өкілдерінің бір саладағы ортақ еңбек өтілі 200 жылдан асады.
Әкелері Қажымұқан ақсақалдан мирас болып қалған мына орден, медальдар «жемісті жұмыс істесеңдер еңбектерің еленіп, мұраттарыңа жетесіңдер» деген өсиет іспетті.
«Бәрімізде жер төсін еміп өскен диқан болғандықтан бар несібеміз бен бақытымызды да алтын бесік ауылымыздан таптық», - дейді үлкенінен кішісіне дейін бір ауыздан.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ