Алматыда лаңкестік және ұйымдасқан қылмыстық топтардан тәркіленген қару-жарақтар жойылды
Екі полиция қызметкерін өлтірген қарулы топты құрықтау операциясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметі арнайы бөлімшесінің екі қызметкері қаза тапты.
Лаңкестік топтың бес мүшесі Боралдай кентінде, бір мүшесі Қызылорда қаласында жойылған.
Сондағы құқық қорғаушыларға қарсы кезенген жиналмалы Калашников автоматы мен тапаншалар күлге айналдыратын пешке түсті.
Биыл Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері 5 және 24 ақпанда өткізген жедел-іздестіру шарасында тәркіленген 10 келіден астам героин есірткісі қоса өртелді.
«Шаһид белбеуі» сынды қолдан жасалған 12 жарылғыш зат пен 7 бірлік РГД-5 гранаталары арнайы әскери сынақ алаңында жойылады. Қару-жарақпен бірге тәркіленген оқтар да полигонға жөнелтілді.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04