11-наурызда «Нұр отан» париясының XVI Съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11-наурызда «Нұр отан» париясының XVI Съезі өтеді

26.02.2015
11-наурызда «Нұр отан» париясының XVI Съезі өтеді

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі 11-наурызда өтеді. Бүгін Елбасы аталмыш Қаулыға қол қойды.

Осыған орай партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Съезге  қатысушы делегаттарды шұғыл іріктеуді қолға алды.

Сондай-ақ, аймақтармен өткен бейнеконференциялық байланыс үстінде Бауыржан Байбек биылғы жылдың «Бастауыш партия ұжымы жылы» болып тағайындалғанын жариялады.

Айта кетейік, партия құрамында тіркелген 849,7 мың адамды 5 598 бастауыш партия ұйымы біріктіріп отыр.

Бүгінде ірі кәсіпорындар негізіндегі 4 филиал мен бастауыш партия ұйымының 13 бөлімшесі жұмыс істеуде.

Бастауыш партия ұйымының төрағалары ішінде отызға дейінгі жетекшілер 7 пайыз болса, 30- 41 жас аралығындағы басшылар 23,40 пайызды құрады.

41-50 жас аралығындағы төрағалар саны 33,60 пайызға жетсе, жасы елуден асқан басшылар үлесі 35,70 пайыз болған.

Солардың  59,2 пайызы ер адам болса, қалған 40,8 пайызы - әйелдер.       

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 

Бұл - тарихи Съезд. Сондықтан еліміздің барлық өңірлерінен бұған 1200-ден астам делегат қатысатын болады. Оның ішінде облыстық мәслихаттардағы партия фракцияларының басшылары, шалғайдағы ауылдарды қоса есептегенде 200-дей бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және 100-ден астам партия белсенділері мен ардагерлері қатысады.  

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу