Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулағандар ұсталды
Шығыс Қазақстандағы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасындағы жедел жасақ мамандары рейд барысында 3 браконьерді ұстады.
Олар Зайсан көлінің жыл бойы балық аулауға тыйым салынған жерінде синтетикалық нейлон жіптен тоқылған ауларды құрып, балық аулаумен айналысқан.
Көл жағалауында орналасқан ауыл тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 метр аулары тәркіленді. Ал, осы торға түскен 400-ден астам тірі балық қайта суға жіберілді. Жедел жасақ қызметкерлері, үш күндік рейд барысында Зайсан көлінен заңсыз құрылған басқа ауларды да жинап алды.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04