Оларға қол ұшын беруге қауқарсыз үкімет Еуропалық Одақтан көмек сұрауға мәжбүр.
Еуроодақтың қайырымдылық бағдарламасы аясында Брюссельде тұрмысы төмен жандарға тегін азық-түлік тарататын орталық іске қосылды.
Өсімдік майы, сүт, қауашақтағы ет пен саңырауқұлақ, макарон, көкөніс пен жеміс-жидек те бар.
Бірақ, мұндай көмек мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жақында жұмыссыздық үшін жәрдемақыдан қағылған азаматтарға беріледі. Тұрмысыңыздың нашар екенін дәлелдеу үшін арнайы талон қажет.
Жергілікті супермаркеттер де кедейлерден көмектерін аяп жатқан жоқ. Сатылмай қалған пицца, шұжық пен жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен торт, тәттілер, жәшік-жәшік сусындар да солар үшін беріледі.
Еуропалық Одақ пен түрлі қайырымдылық қорлардың есебінен тұрмысы төмен жандарды жарылқап жатқан үкімет 2020 жылға дейін кедейлердің қатарын азайтамыз, дейді.
Алайда, сарапшылар, ел билігі осылай қол қусырып отыра берсе, кедей-кепшіктің саны бүгінгі 2 милионнан екі есе асып жығылатынын айтады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ