Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметова палатаға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметова палатаға шығарылды

02.02.2015
Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметова палатаға шығарылды

Уақыт өте келе аяғына жүргізу шаралары да жүргізілмек. Ал, бірнеше операцияны басынан өткерген батыл қыз аяғына тұрған соң, жұмысына қайта кірісуді жоспарлап отыр.

Бұл – Әсемнің телеарналардан берілген бірінші кадрлары. Дәрігерлер оны түсіруге тек екі аптадан кейін ғана рұқсат берді.

Бұған дейін жансақтау бөлімінде жатып, 5 операцияны басынан өткерген Әсемді тағы 3 операция күтіп тұр.

Ерсін Жүнісов, №1 аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

2-3 күнде Әсемді отырғызып, тұрғыза бастаймыз. Операция жасалған екі аяғына қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Алдағы екі аптада тұрғызып, жүргізуіміз керек.

Әсем Астанаға келгелі оның ата-анасы қасынан бір елі шыққан емес. Күнделікті тамағын беріп, қыздарының жоспарларымен бөлісіп жүр. Айтуларынша, Әсемнің әрдайым білікті мамандардың қадағалауында болуы үшін Астанада қалғысы келеді. Әрине, ол үшін баспана мәселесін шешіп алуы керек.

Ақгүл Какокова, Әсем Шаяхметованың анасы:

Біз бастығы келгенде пәтер сұрадық. Ол бізге жалға пәтер алып тұруға көмектесетіні туралы айтты. Әсел компанияда 7-8 жыл жұмыс істеді. Шахтада жұмыс істеу қыз балаға оңай емес. Әрине, ол осы апатқа пәтер алу үшін түспеді.

Дәрігерлер науқастың Астанаға дер кезінде жеткізілгенін айтады. Облыстарда томографиялық аппарат жоқ. Сол себептен де бастапқы 2-3 күнде Әсемнің омыртқасының сынғанын білмеген.

Мамандардың басында 3 операция жасаймыз деп, кейін бесеуін жасағаны да сондықтан.

Әзірге Әсеммен тілдесудің реті болған жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, 1-2 аптадан кейін ұшақ апатының жай-жапсарын қайсар қыздың өз аузынан естіп қалуымыз мүмкін.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу