Көздің жауын алған мына дүниелер шебердің қолынан шыққан. Әсіресе, қыз-келіншектерге арналған қол сөмкелер мен үлкенді-кішілі әмияндардың сапасы осы саладағы кәсіпорын өнімдерінен кем емес.
Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасаушылар бар. Енді оны алушылар бар ма деген сұрақ туындайды.
Бүгінде қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлер көп болғанымен - сауда орталықтарынан таппайсыз, табылған күннің өзінде арнайы дүкендер де ғана кездестіруге болады.
Сұраныстың жоқтығынан болса керек, Қазипа әжейдің үйі бүгінде кішігірім мұражайға айналған.
Оюмен өрнектелген тұрмыстық жабдықтар, қызылды-жасылды көрпе-жастықтардың түр-түрі бар. Бірақ, кейуана мақсатым сауда жасау емес,- дейді.
Ісмердің айтуынша, қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген ұлттық қолөнер туындыларына сұранысты арттыруға болады.
Өйткені, салт-дәстүрді бағалайтын әр тігінші ұлттық қолөнерді мықтап қолға алса, көпті таңғалдыратын талай дүние жасауға болатынына сенімді.
Гүлжайна ӨМІРБЕК