Астанада жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

02.02.2015
Астанада жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

Астаналық полицейлер жас отбасына сатып алушы болып хабарласады. Сәби үшін 2012 жылғы «Toyota Camry» автокөлігін ұсынады.

Айырбастауға бірден келіскен ерлі-зайыптылар баласын керек жерге лезде әкелген. Ізінше көлікті аттарына тіркеп, баланы берген сәтте тәртіп сақшылары тасбауыр жұпты қолға түсірді.

Өзбекстаннан келген ерлі-зайыптылар қаражаттан қысылған. Сөйтіп, сәбиін «автокөлікке айырбастаймыз» деп интернетке хабарландыру беріпті. Саудаға түскен шақалақтан бөлек, отбасында тағы бір ұлы бар. 

Ал, туғанына небәрі бес күн болған шақалақты полицейлер бірден ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, төрт келіге жуық салмақпен дүниеге келген сәбидің қазіргі жағдайы жақсы.

Алайда, ауруханадан кейін баланың қайда баратыны белгісіз. Себебі ата-анасы қазір тергеу изоляторында отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу