Еділ Бақытұлының атына Талғар ауданынан көше берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еділ Бақытұлының атына Талғар ауданынан көше берілді

31.01.2015
Еділ Бақытұлының атына Талғар ауданынан көше берілді

Ел үшін ерлік жасаған ерлердің есімі ел есінен ешқашан өшпейді. 2008 жылы қылмыскерлерді құрықтау кезінде қаза тапқан азамат Еділ Бақытұлының атына Алматы облысы, Талғар ауданынан көше берілді. Қоғамның қауіпсіздігі үшін басын қатерге тігіп ажал құшқан қайсар жігіт жанқиярлық ерлігі үшін 2009 жылы 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Жайсаң мінез азаматтың жасаған ерлігі жастарға үлгі болсын деген ниетпен Алматы облысы Ішкі істер департаменті мен Талғар ауданы әкімшілігі бірлесе отырып, Еділ Әділжанның аты берілген көше бойында ескерткіш тақта орнатты. Игі шараға марқұмның ата-анасы мен бауырлары қатысты.

Бақыт Әділжанұлы, Еділдің әкесі:

Бүгін өлгеніміз тірілгендей болып жатыр. Ешқашанда қайғылы оқиға болмасын. Біз баламыз қайтыс болды деп айтпаймыз, себебі сонымен бірге іргелес жүрген достары бар, осыларды көріп біз баламыз тірі екенін білеміз.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу