Бельгияда 2008 жылдан бері ипотекалық қарызын өтей алмаған 50 мың адам пәтерінен қуылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда 2008 жылдан бері ипотекалық қарызын өтей алмаған 50 мың адам пәтерінен қуылған

28.01.2015
Бельгияда 2008 жылдан бері ипотекалық қарызын өтей алмаған 50 мың адам пәтерінен қуылған

Ерлі-зайыпты Катрин мен Пьер ұлдары Николастан баспана дауының салдарынан айырылған. 5 жыл бұрын үшеуі де жұмыстан қысқарып, ипотеканы төлеуден қалғанда банк пәтерді тартып алған.

Осы оқиғадан бір апта өткен соң, «мен шарасызбын, кешіріңдер мені» деп хат қалдырып, жалғыз ұлдары бақилыққа аттанған. Содан кейін екі қария далада қалған.

«Егер жұмыс болса, қымсынбай істер едік», - дейді 70-тен асқан Катрин мен Пьер. Бірақ, оларға әзірге қайыр сұрап, күнелтуден басқа амал жоқ. Екі қария тіпті, даладағы мекеннен айырылып қалмасақ, деп уайымдайды.

Себебі, жылы орынды мынадай 5 минутқа тастап кетсе болды, басқа біреу келіп, иеленеді. Тәртіп сақшылары төсектің тас-талқанын шығарады.

Дегенмен, полиция қызметкерлерінің талай қуғын-сүргініне ұшыраса да, баспанасыздар үкімет үйі, Парламент ғимаратының алдына қонуын қояр емес.

Бірақ, бюджет шығынын биыл тағы 1,5 миллиард еуроға қысқартатын үкіметтен үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жандарға әзір қайыр бола қоймас. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу