2015 жылдан бастап қылмыскер зардап шегуші тараппен бітімгершілікке бара алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылдан бастап қылмыскер зардап шегуші тараппен бітімгершілікке бара алмайды

28.01.2015
2015 жылдан бастап қылмыскер зардап шегуші тараппен бітімгершілікке бара алмайды

«Абайсызда адам өлтірген Мақсат Үсеновке ең ауыр әкімшілік жаза қолданылды», - дейді Жоғарғы сот өкілдері.

Сондай-ақ, журналистермен кездескен сот өкілдері 2014 жылғы жұмыстарын қорытындылады.

Өткен жылы сот өкілдеріне 43 мыңнан астам арыз келіп түскен. Жалпы 2014 жылы 25 мың 79 адам айыпты деп танылған. 458 адамға ақтау үкімі шығарылған.

Сонымен қатар, 2014 жылы 20 мыңнан астам іс бойынша үкім шығарылған. Қылмыстың дені ұрлықпен ұсталғандар, екінші орында кісі тонау мен алаяқтық көрінеді.

Хабарламаларға жазылу