Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындарына қасқыр шапты
Тұрғындардың айтуынша, сол түнде ауылға 4-5 қасқыр кіріп кеткен.
Қасқырлардың қараңғы түндегі қылығы тыныш ұйықтап жатқан халықты дүр сілкіндірді.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ауыл жігіттері зардап шеккен екі жерлесін жеңіл автокөліктерімен аудандық ауруханаға жеткізді.
Түз тағысымен арпалысып, оны жеңіп шыққан Аманхан Әміров оқыс оқиғаның қалай болғанын асықпай енді есіне түсіруде.
Қасқыр Аманханның аяғы мен екі қолын тістеп алған. Ал, Озат Қырықбаевтың оң жақ бетінің етін жұлып алыпты.
Желдіқара ауылындағы жұрттың айтуынша, мұндай жағдай осы өңірде бірінші рет болды. Тұрғындар түз тағылары ауылға тағы кіріп кете ме деп алаңдап отыр.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04