Батыс Қазақстан облысында инженерлік-гуманитарлық университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында инженерлік-гуманитарлық университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды

16.01.2015
Батыс Қазақстан облысында инженерлік-гуманитарлық университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды

Оқу орындағы ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың саны 29,3 пайыз болып шықты. Дұрысында бұл көрсеткіш 50 пайыздан кем болмауы тиіс.

Қызметкерлер тізіміндегі көптеген профессорлар мен кандидаттар университетте ешқашан болмаған. Олардың жеке істеріндегі суреттер ғаламтордан көшірілген, қолтаңбалары болса түпнұсқаға сай емес.

Ал, ҰБТ-дан сүрініп, оқуға түсе алмағандар үшін университетте «Дизайн» мамандығы ұсынылыпты. Мұнда олар емтихансыз қабылданып, екінші курста өзге мамандықтарға ауысып отырған.

Тәнзилә Сафиева, облыс прокурорының аға көмекшісі:

Шығармашылық мамандық ретінде Дизайнерлікке, шекті балды жинай алмаған талапкерлер қабылданған. Тапсырылмаған емтихандарға жалған хаттамалар толтырылған.

Мәселен, 2013-14 жылдарға «Дизайн» мамандығы бойынша бірінші курсқа 1458 студент қабылданған.

Ал, биыл солардың тек 26-сы екінші курсқа өтіп, қалғандары басқа мамандыққа ауысып кеткен. Биылғы оқу жылында да дизайнерлікке 2741 студент қабылданып отыр.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу