Жарысқа Ақсу қаласының 500-ге жуық тұрғыны қатысты.
Балалармен қатар, жасы 70-тен асқан қариялар да шаңғы байлап, бәсекеге түсті.
Шағын шаһарда 80-нен астам астам ұлт өкілдері тұрады. Олар спорттық киімдерін киіп, мызғымас татулықты, бірлікті паш етті.
Демалыстың ең тиімді түрі - қысқы спорт түрлерімен айналысу. Сондықтан, жаңадан ашылған шаңғы базасына жергілікті әкімдік жаңа спорттық жабдықтар алған.
Ұлттық мәдени орталық өкілдері енді демалыс сайын шаңғы тебуді дәстүрге айналдырмақ.
Зухра Рахматуллина, Татар-башқұрт ұлттық орталығының өкілі:
Ұйымдастырушыларға алғысымызды айтамыз. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар салауаты өмір салтын қолдайды.
Нұрлан Қасенов, спорт ардагері:
Жасы үлкендер де келіп отыр. Осыған қуаныштымыз.
Болат АМАНБАЕВ