Еңбектен қол үзбеген жан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбектен қол үзбеген жан

07.01.2015
Еңбектен қол үзбеген жан

Мүмкіндігі шектеулі Рената Измайлованың тұрақты жұмысы жоқ. Үйде отырып, өзге жандарға көмек көрсетеді. Солардың өтінішімен Алматы қаласына арнайы келді.

Өмірден адасып, тағдырдың жазғанына көне алмаған жандарға кеңесін беріп, тура жол нұсқайды.

Мәрия Нұрбайқызы тағдыр тауқыметін ерте тартқан қыз. Осыдан екі жыл бұрын ата-анасы мен жұбайынан бір күнде айырылған. Күнкөріс қамымен жүріп, қыздарын жертөледе үсітіп алған.

Барарға жер таппай, көпшіліктен ғаламтор арқылы көмек сұрайды. Психолог, Рената Измайлова алғаш болып хабарласты. Ақыл-кеңес беріп, рухын жігерлендірді. Тіпті, әлеуметтік жәрдемақысын Мәрияның бүлдіршіндеріне жұмсады.

Полигонның зардабын тартқан 32 жастағы Рената арбаға таңылса да, көп ізденеді. Психологиядан бөлек, сурет салумен айналысып жүр. 

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу