Еңбек – бәрін жеңбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек – бәрін жеңбек

24.12.2014
Еңбек – бәрін жеңбек

Президент журналистерге берген сұхбатында осылай деп жастарды жұмыс істеуге үндеген еді.

Расымен бүгінде еңбек еткен адам тек өзінің ғана емес, елдің дамуына үлес қосады. Сондай еңбекқор жанның бірі – Әмет Дінұлы.

Әмет Дінұлы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ертеңін елден ерек ойлап, өз алдына еңбек етіп, тірлікке ден қойды. 4-5 ірі қараның басын көбейтуге бел буды.

Бүгінде Шопан ата түлігінің саны 2 мыңға жетіп жығылды. Ал ірі қара 60 басқа көбейді.

Еңбек қылмай, ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас. Әмет ақсақалдың туыстары бір жеңнен бас, бір жағадан қол шығарып, тиянақты тірлік етулері өзгелерге үлгі боларлық.

Барлығы дерлік, қожалықта 15 жұмысшы талмай еңбек етеді. Бірі мал басында болса, бірі төрт-түліктің азығын дайындайды.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу