Қызылордалықтар көгілдір отыннан тапшылық көрмейді. Өңірде тағы бір табиғи газ өндіретін кеніш ашылды. Тәуелсіздік мерекесіне орай «ҚазМұнайгаз» Барлау өндіру» акционерлік қоғамы «Ақсай» кен орнын іске қосты.
«Ақсайдың» жер асты байлығы 1980 жылы белгілі болған. Ал оны игеру жұмыстары 2011 жылы ғана қолға алынды. Алдымен 53 миллион доллар инвестиция салынып, екі кезеңнен тұратын жоба жасалды. Мамандардың зерттеуі бойынша бұл аумақта 1,5 миллион тонна мұнай мен 1 миллиард 626 миллион текше метр ілеспе газдың қоры бар.
Жобаның бірінші кезеңі бойынша қалаға 2 миллион тоннаға жуық қосымша ілеспе газ жіберіледі. Ал, келер жылы 70 миллион текше метр газ өндіріледі. Яғни, Қызылорда жұртшылығы көгілдір отыннан тапшылық көрмейтін болады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ