Тәуелсіздік күні Орал өңірінде ерекше салтанатпен тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні Орал өңірінде ерекше салтанатпен тойланды

17.12.2014
Тәуелсіздік күні Орал өңірінде ерекше салтанатпен тойланды

Спорт нысаны 1,6 миллиард теңгеге салынған. Кешеннің іште және сыртында 4 теннис корты орналасқан. Сонымен қатар, орталықта 300 адамға лайықталған көрермен залы да бар.

Нысан құрылысы екі жылға созылып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жобасы аясында салынды. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Үй құрылысы комбинаты Тәуелсіздікке тағы бір тарту. 2,5 миллиард теңгенің жобасы «Бизнестің жол картасы» бойынша қолдау тапқан.

Мұнда темір-бетоннан тұтастай қабырғалар, төбе жабындары, баспалдақтар дайындалады. Жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салуға қауқарлы өндіріс толықтай автоматтандырылған.

Ауыл-аймақта өзге де әлеуметтік нысандар ашылып, жұртшылықты жадыратқан мерекелік шаралар өткізілді.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу