Ел экономикасы еңсесін түзеп, тұрғындардың тұрмысы тұрақталды. Егемендіктің ең басты тартуы шекарамыз шегеленіп, Қазақстан деген мемлекетті жаһан таныды, мойындады.
Ақтауда полиэтиленді құбыр шығаратын кәсіпорын ашылды. Замануи құрылғымен жабдықталған зауыт өңір өндірісін өрге сүйрейді деген сенім мол.
Ал, Қарақия ауданы жетім балаларға пәтер кілттерін табыстады.
«Ақ көгершін» балабақшасы Ақмолада балғындарға тарту етілген базарлықтың басы ғана. 220 орындық ғимараттың іш-сыртында мін жоқ.
Мұнымен қоса, бүгін аймақта тағы 4 бақша ашылды. Нысандар Елбасының Астана іргесіндегі елді мекендерді дамыту жоспарына сәйкес салынған.
Осы жетістіктің барлығы сайып келгенде Тәуелсіздікті тартуы. Сондықтан бұл қасиетті ұғымды ұлықтап, құрметтеу сізбен бізге аманат.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ