Жаңаарқа ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылды
Түгіскен ауылының оқушылары жаңа мектепке ауысты. Бұл елді мекенде бала саны көп. Бұрынғы мектеп үйі әбден тозығы жеткен соң жаңа ғимарат салына бастаған еді.
Қаржы болмай құрылысы тоқтап қалған сол нысан демеушілік есебінен 40 миллион теңгеге жөнделді. Жаңа білім ошағы заманауи талапқа сай оқу құралдарымен жарақталған.
Ал, ауданға қарасты Жұмажанов ауылында 120 орындық жаңа Мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды. Бұл нысан да демеушілік қаржы есебінен 20 миллион теңгеге салынған.
Жаңа білім және мәдениет ошағынан да келешекте талай таланттардың түлеп шығатыны даусыз, дейді сала мамандары.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді жоспар бекітті
26.06.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 17:24
Қазақстан мен Корея мәдениеті тоғысқан фестиваль басталды
26.06.2026, 17:19
Астанада қаржыгерлер форумы басталды
26.06.2026, 17:17
Түркияда терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланды
26.06.2026, 17:15
Халықаралық сарапшылар ЖИ-дің білімдегі рөлін талқылады
26.06.2026, 17:14
Әділет партиясында іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 17:12
ШҚО-да республикалық маңызы бар 330 шақырым жол жөнделеді
26.06.2026, 17:09