Басты Жаңалықтар Астанада бiлiм және ғылым саласындағы үздiк қызметкерлерге мемлекеттiк марапаттарды табыс етiлдi

Астанада бiлiм және ғылым саласындағы үздiк қызметкерлерге мемлекеттiк марапаттарды табыс етiлдi

Астанада бiлiм және ғылым саласындағы үздiк қызметкерлерге мемлекеттiк марапаттарды табыс етiлдi

Бүгiн Астанада ҚР Президентi Жарлығымен бiлiм және ғылым саласындағы үздiк қызметкерлерге «Парасат» орденi, «Ерен еңбегi үшiн» медалі, «Қазақстанның Еңбек сiңiрген қайраткерi» құрметті атағы берiлдi.

Аталған сыйлықтарды Елбасының атынан ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бiз Сiздермен елiмiздiң ұлы мерекесi - Тәуелсiздiк күнiнiң қарсаңында кездесiп отырмыз. Тәуелсiздiк күнi - елiмiздiң әр азаматы үшiн ең басты мемлекеттiк мейрам. Бұл азаттық аңсаған елдiң мақсаты орындалып, Қазақстан Республикасы егемен ел атанған күн. Биыл бiз Тәуелсiздiктi 23-ші рет тойлап отырмыз. Осы жылдар iшiнде елiмiзде ауқымды өзгерiстер болды. Тәуелсiздiктiң алғашқы күнiнен бастап, бiлiм және ғылым саласын дамыту мемлекет саясатының өзгермес басымдығына айналды. Сонымен қатар, бiлiм мен ғылым саласы елімiздiң саяси, әлеуметтiк және экономикалық дамуының басты бағыты ретiнде қарастырылды. Марапатқа ие болған барша әрiптестерiме сыйлықтарыңыз құтты болсын дегiм келедi. Әрқашан осындай биiктерден көрiнiп, жетiстiктерге жете берiңiздер!», - дедi министр.

 

Фото: ҚазАқпарат

Бөлісу