Басты Жаңалықтар Тәуелсіздік Күніне орай «Адамға деген сеніммен» атты әлеуметтік роликтер көрсетіле бастады (ВИДЕО)

Тәуелсіздік Күніне орай «Адамға деген сеніммен» атты әлеуметтік роликтер көрсетіле бастады (ВИДЕО)

Тәуелсіздік Күніне орай «Адамға деген сеніммен» атты әлеуметтік роликтер көрсетіле бастады (ВИДЕО)

«Адамға деген сеніммен» бірегей тележобасы үш бейнероликтен тұрады. Оның ерекшелігі – қазақ поэзиясы классиктерінің танымал өлеңдерін «біздің заманның қаһармандары» арқылы заманауи қалыпта ұсыну. Бұл шығармашылық идея замандастарымыздың, әсіресе жастардың қазақ поэзияның інжу-маржандарына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бермек. 

«Біз қазақ ақындарының жауһар сөздерін екшеп алдық. Бұл – өзінің өміршеңдігін дәлелдеген, тыңдағанның жанын тебірентетін сөздер. Бұл өлеңдер біздің мықты халық, қуатты мемлекет екенімізді сезінуге көмектеседі», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

 

Бірінші роликте ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» («Я верю в молодых») өлеңі ұсынылады. Тарихымыздың қиын-қыстау кезеңінде қалың жұртшылықтың рухын көтерген өлең күні бүгін жазылғандай, қазіргі заманда да өз өміршеңдігін жоғалтпағанын көрсетеді.

Роликтің кейіпкері -  Данияр Елеусінов. Ол – Бокстан Қазақстанның құрама командасының жетекшісі, әуесқой бокстан Әлем чемпионы, AIBA нұсқасы бойынша «2014 жылдың ең үздік боксшысы, «Жас Тұлпар» сыйлығының иегері. Роликте ол күнделікті қиындықтарды жеңіп шығып, шар болаттай шыңдалған, өз ұстанымынан айнымай мақсатына жеткен өзінің болмысын көрсетеді. Зауытта жұмыс істейтін, бос уақытында жаттығумен айналысып, жарыстарға қатысып жүрген кейіпкер бұзақылардың соққысына ұшырап, жарақаттанып қалғанына қарамастан рингке қайта оралып, үлкен спорттың мақтанышына айналады.

«Партияның «Адамға деген сеніммен» атты тележобасына қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Мағжан атамыз жырлағандай, «арыстандай айбатты» жастардың мінез-құлқын, әрекетін көрсете алдым деп ойлаймын», -  дейді Данияр Елеусінов.

 

Екінші роликке Мұқағали Мақатаевтың «Аңса, жаным» («Я так хочу») өлеңі өзек болған. Роликтің кейіпкерлері – перзентті бола алмағандықтан бала асырап алу үшін балалар үйіне барған ерлі-зайыпты адамдар. Роликте Алматыдағы № 2 жетім балалар үйінің түлектері ойнайды.

 «Осы роликтердің арқасында жұртшылық кешіре де, жақсы көре де алатын, қамқорлықты бағалай алатын біздің балаларды басқа қырынан танитынына сенімдімін. Сіздер балалардың басты арманы – ата-аналы болып, отбасында өмір сүруді іске асыра алуына, үмітінің үзілмеуіне жәрдемдесесіздер. Бүгінгі күні экрандардан мейірімдік туралы сөз жиі естілсе деймін», - деді түсіру жұмыстары кезінде балалар үйінің директоры Ақмарал Шатаева.

 

Үшінші роликте Фариза Оңғарсынованың «Жақсылық туралы сөз» («Слово о доброте») атты өлеңі оқылады, бас кейіпкері көпбалалы жас ана, ол күтпеген жерден бейтаныс жастардың көмегіне кезігеді. Бұл роликті биыл дүние салған Халық ақыны және қоғам қайраткерін еске алу, құрметтеу шарасы десе де болады. Ақын шығармаларында Әйел бейнесін дәріптейді, сол әйелдің иығына түскен әлеуметтік және азаматтық  жүктің салмағы күннен күнге молайып бара жатқанын, бірақ  қиыншылықтарға, жүрегіндегі мұңы мен қайғысына мойымай келе жатқанын көрсетеді.

«Адамға деген сеніммен» тележобасы «Нұр Отан» партиясының бұдан бұрын жүзеге асыра бастаған «Бақытты отбасы» мен «Бақытты балалық» жобаларымен және «Жас Отанның» «Жастар – Отанға» жобасымен үндес.        

«Адамға деген сеніммен» әлеуметтік роликтерін «Кемел Медиа» шығармашылық тобы дайындаған, бұл топ 2014 жылы Қазақстанның PR саласындағы «Ақ мерген» жүлдесінің иегері болды. Сонымен қатар компания  қазақтың ұлттық мәдениеті мен тұрмыстық ерекшеліктерінің сан қырлылығы мен бірегейлігін көрсететін «Қазақстанды таныту»  («Открывая Казахстан») деген жобаны және  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысумен өткен «Простыми словами о главном» әлеуметтік роликтері сериясы сияқты бірқатар жобаны жүзеге асырды.

 

АНЫҚТАМА:  

«Бақытты балалық» жобасы («Счастливое детство») – жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға әлеуметтік бейімделуге қолайлы жағдай жасауға арналған. Жобаның негізгі бағыттары – Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуға байланысты құқығын мейлінше жетілдіру, сонымен қатар, Қоғамда өз балаларынан бас тартуды жеккөрушілікті және бала асырап алуды құрметтеуді қалыптастыру болып табылады. Жоба көлемінде жетім балалардың құқықтарын қорғайтын 3 кодекс пен 3 заңға 40 өзгеріс дайындалды, 9-11 сынаптардағы оқып жатқан жетім балалардың кәсіптік бағытын анықтау мәселесі бақылауға алынды. Сонымен бірге жетім балаларға 359 пәтер берілді.

«Бақытты отбасы» жобасы («Счастливая семья») – Отбасы институтын, адамгершілікті, отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы руханилықты нығайтуға арналған. Бұл жоба шеңберінде жұмыс мына бағыттарда қолға алынады: отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және азаматтық қоғамды «проблемалық отбасылардың» әлеуметтендіру мәселелерін шешуге бағытталған күштерін біріктіру. «Отбасыларға қолдау қөрсету апталығы» көлемінде 2 мыңнан астам отбасыға көмек жасалды, 180 мыңға жуық отбасыға кеңес берілді, отбасыны қолдау жұмысының ең маңызды мәселелері анықталды: 42,9% - әлеуметтік қамсыздандыру, 22% –азаматтық жауапкершілік, 20,8 %–психологиялық көмек, 14,3% – заңдарға байланысты көмек.      

«Жастар - Отанға» («Молодежь – для страны») жобасының мақсаты – Жастар арасында жаңа қазақстандық  патриотизмді қалыптастыру, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында белгіленген құндылықтарды насихаттау және тарату. Бұл жоба бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде 16 консалтинг-орталықтары жұмыс атқарып жатыр, 10 мың ауыл жастары кеңес алды, 40 мың жанкүйері бар «Ұлттық КВН лигасы» жасақталды, сонымен қатар, «EXPO-2017»-ге 1 мың волонтер даярланды. 



www.nurotan.kz
Бөлісу