Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрі Тәуелсіздік күніне арнап Парижде өнер көрсетуде
Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрі Тәуелсіздік күніне арнап Парижде өнер көрсетуде, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни, 15 желтоқсанда Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО бас пәтерінде оркестрдің үлкен концерті өтпекші. Мәдени шараға БҰҰ -ның білім, ғылым және мәдениет мәселелеріне қатысты мемлекеттер өкілдері арнайы шақырылған.
16 желтоқсанда оркестр ұжымы Франция Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған шараларға қатысады.
Шығармашылық ұжым осыған дейін Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Түркия, Германия және Австрия елдерінде өнер көрсеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04