«Қызылжар» құс фабрикасы қайта іске қосылды
Келер жылдың қаңтар айынан бастап, павлодарлықтар жергілікті кәсіпорында өндірілген құс етін тұтына бастайды. Кезінде бүкіл Қазақстанға әйгілі болған «Қызылжар» құс фабрикасының қайтадан іске қосылуы осындай мүмкіндік туғызып отыр.
Бұл - аймақтық индустрияландыру картасының нәтижесінде қол жеткен игілік. Бірнеше жыл тоқтап тұрған фабриканы жандандыру үшін 3 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынды.
Инвесторлардың айтуларына қарағанда, соңғы үлгідегі мұндай технология әзірге еліміздің еш жерінде жоқ көрінеді. Мұнда негізінен етті бағыттағы тауық өсіріледі. Ал бастырылатын жұмыртқа Қазақстанның басқа аймақтарынан әкелінеді. Фабрикада қазір 150-ге тарта адам жұмыс істейді. Олардың барлығы да Қызылжар ауылының тұрғындары.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10