Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай ақындар сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай ақындар сайысы өтті

12.12.2014
Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай ақындар сайысы өтті

Ақындар жарысы қазақ және орыс тілінде өтті. «Қатысушылардың жасы - 18 жас және одан да үлкендер. Облыс бойынша қара сөзден өлең өрген барлығы 40 ақын қатысуға ниет білдірді. Қазылар алқасының іріктеуі бойынша шешуші кезеңге үздік 10 ақын өтті», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, мүшәйраға талантты жас ақындарды тарту олардың шығармашылығын одан ары дамытуға септігін тигізеді.

Дүбірлі дода қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Бұланды таңы» басылымының тілшісі Заңдыбай Жайнарбек жеңіп алды. Бірінші орынды «Көкше» Академиясының студенті Сарсенби Ақынбай иеленді.

Ал, екінші орынды ТЖД қызметкері Нұргүл Нұрбайқызы мен Степногорск қаласы №4 мектеп-лицейінің оқытушысы Лихачева Татьяна өзара бөлісті.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенті  Дагиман Еламан, Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ студенті Нысанбек Күләш пен Атбасар ауданынан келген қатысушы Балекбаев Бағдат үшінші орыннан көрінді.

Сонымен қатар, Барышникова Тамара - Бұланды ауданы, Серік Нұртуған - Көкшетау қаласы, Серік Екпін - Ақкөл ауданы ынтыландыру сыйлығымен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар лайықты дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Хабарламаларға жазылу