«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты конференция өтті

10.12.2014
«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты конференция өтті

Тәуелсіздік мерекесін насихаттап, оны ұлықтау әр Қазақстан азаматының міндеті. Егемендік алған күнді тек тойлап қана қоймай, оның қадір-қасиетін жете түсінуіміз шарт.

Бұл – «Ғылым ордасында» өткен ғылыми-конференцияда айтылған ойдың бір парасы. Жиында ғалымдар тәуелсіздікке жету оңай болмағынын тілге тиек етті.

1937-1938 жылдары дербес мемлекет қалыптастыруды ойлаған Алаш азаматтары осы күнді аңсап кетті. Ал,1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастарды да егемен ел болып, болашағымызды қалыптастырамыз, деп тар жолда тайғақ кешті.

Міне, осындай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен қазақ елі бүгінде бейбіт, жарқын өмір сүріп отыр.

Сондықтан, жастар осы қасиетті мерекені қадірлеп, патриоттық рухтарын көтеріп, елдің дамуына үлес қосу керек, дейді мамандар

Роза Кәріпжанова, ҚР БҒМ ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК бас директоры:

Конференцияның қорытындысы бойынша біздің «Ғылым ордасында» 10 ғылыми институт бар. Сол ғылыми институттардың ғалымдары Алматыдағы жоғары оқу орындарына және мектептерге барып, бүгінгі конференцияның қорытындысы бойынша жастардың алдында сөз сөйлеп, тағы да осындай іс шаралар өткізбек.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу