Жолда қалып қойған 177 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолда қалып қойған 177 адам құтқарылды

08.12.2014
Жолда қалып қойған 177 адам құтқарылды

Бәйдібек, Төле би, Созақ, Түлкібас, Сарыағаш ауданындары мен Кентау қаласындағы асулардан 39 техника мен 177 адам құтқарылды.

Сақтық шараларын күшейту нәтижесінде Алматы-Ташкент-Термез тас жолы уақытша жабылған.

Екі күн бойына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазақавтожол» республикалық мекемесінің мамандары Шақпақ баба, Одаман, Ащысай және Таскөмірсай асуларында күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп, жолаушыларға көмек көрсетті.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Табиғаттың тосын мінезі, әсіресе, таулы аймақтарда бірқатар қиындық туғызған. 

Осыған орай, Төле би, Бәйдібек, Созақ және Түлкібас аудандарында асулардағы жолдар жабылып, жол қозғалысы шектелді.

Бүгін оңтүстікте боран бәсеңсіп, жолаушылардың арлы-берлі қатынауы қалпына келтірілді.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу